Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды

501

Ол облысты 2022 жылдан бері басқарды.    

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды Фото: Ақорда

Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті лауазымынан босатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды", – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Мансап жолы:

1997-1999 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық аудиті бөлімінің салық инспекторы;
1999-2001 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті әкімшілендіру басқармасының үйлестіру бөлімінің салық инспекторы, заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы;
2001-2006 жылдары – Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бастығы;
2006-2008 жылдары – салықтық апелляциялар, түсіндірулер және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитеті салықтық аудит басқармасының бастығы
2008-2010 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары
2010-2012 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы мәселелерін үйлестіру, кірістерді талдау және болжау департаментінің директоры;
2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі
2014-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы
2018-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
2021-2022 жылдар – Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
2022-2022 жылдар – Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі
2022 жылғы 11 маусымнан бастап осы уақытқа дейін Алматы облысының әкімі болды.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Басқа лауазымдар:

16.08.2021 жыл – "Проблемалық кредиттер қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
2019 жылы – "Құрмет" ордені

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу