Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев көшпелі брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Олар Қонаев және Ақмола облысындағы Щучинск қаласында орналасқан. Казиноларды көшіру жоспарда жоқ. Ойынқұмарлық деп жатырсыз, ол тек Қазақстанда емес әлемде бар. Адам мобильді телефон арқылы онынға салынып кетуі мүмкін. Біз жұмыс істеп тұрған казиноларға, яғни нысанды казино ретінде ғана емес ойын-сауық орталығы ретінде қайта құру туралы талап қойып жатырмыз. Бұл шетелде бар тәжірибе. Казино өз алдына жұмыс істейді, одан бөлек кинотеатр, аквапарк, сауда орталықтарын ашға болады", – деді Марат Сұлтанғазиев.
Өңір басшысының айтуынша, бүгінде жалпы ойын-сауық саласында 3,5 мың адам еңбек етсе, тағы 3 мың адам осыған қатысты салаларда жұмыспен қамтылған.
"Облыста 61 мың тұрғын бар десек, солардың 10/1 аталған салада еңбек етуде. Казинолар жыл сайын жергілікті бюджетке 80-90 млрд теңге аралығында салық төлейді. Бұл қомақты қаражат", – деді өңір басшысы.