Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

956

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

М.Қ. Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Ахметов Қайрат Жұмашұлы берген өтінішіне сәйкес өз қалауы бойынша атқаратын қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу