Қаржыгер, ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияларға аудару туралы өз пікірін айтты.
"Бір өкініштісі, бізде осындай ел: "Ұлттық банкте бірыңғай қадағалау жасайық" дедік, мұны жасадық. "Қаржылық қадағалау агенттігін бөліп алайық" деген бастама көтердік. Мұны да істедік. "Жинақтаушы зейнетақы қорларын құрайық. Барлығын бір зейнетақы қорына біріктірейік" деп шештік. Кешірерсіздер, бірақ маған бұлай күнде ары да, бері өзгерістер енгізу ұнамайды", - деді Григорий Марченко.
Марченконың айтуынша, жеке жинақтары бар зейнетақы жүйесінде кемшіліктер болғанымен, ұзақ мерзімді перспективада бұл жақсы болды. Мұны көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр.