Марченко: Оқшаулап, карантин енгізу дұрыс емес

1630

Бұрынғы Ұлттық банк төрағасы билік эпидемияға асыра баға беріп, экономикаға залал келітіріп жатыр дейді. 

Марченко: Оқшаулап, карантин енгізу дұрыс емес Фото: matritca.kz

Оқшаулап, карантин енгізу дұрыс емес. Танымал экономист, бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко ресейлік "Экономика. Верным курсом" ютуб-арнасына сұхбат беріп, осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Айтуынша, билік эпидемияға асыра баға беріп, экономикаға залал келітіріп жатыр. Шикізатпен де қазір түсініксіз жағдай туындаған. Ал бұл ТМД-дағы мұнай шығарушы басты 3 мемлекет – Қазақстан, Ресей және Әзербайжанға кері әсерін беруде.

Мұнда Григорий Марченко Ұлттық экономика министрлігінің де коронавирустан аса опық жемейміз деуін де сынап тастады. Себебі пандемияның салдырынан орасан шығын келетіні түсінікті. Бірақ қаржыгер ахуалға нақты баға маусым айынан кейін ғана берілуге тиіс дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу