Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Маргарет Тэтчердің Қазақстаннан алған "Достық" ордені аукционға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Peter Harrington аукцион сайтында берілген ақпаратқа сүйенсек, "Достық" ордені Тэтчерге 2001 жылы берілген.
Ол – марапатты алған жетінші адам. Орденді алғандар ішінде Хиллари Клинтон, Пан Ги Мун және Ли Куан Ю бар.
Сатылымға шыққан орден жайлы ақпаратта бағалы тастармен көмкерілген жұлдыз белгісі атлас лентаға байланып, "Достық" деген сөз жазылған. Орденмен қоса, корольдік түс аталатын қою көк барқыт жастықшасы бар көк қорапша мен кітапшасы сатылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу