Марин Ле Пен Еуроодақты еуродан бас тартуға үндеді

775

Марин Ле Пен Еуроодақты еуродан бас тартуға үндеді

"Ұлттық майдан" жетекшісі әрі  Франция президенті тағына үміткер  Марин Ле Пен  егер өзі сайлауда жеңіске жететін болса, онда елдің қарызы жаңа  ұлттық валютамен есептелетінін мәлім етті. Бұл туралы Рейтер агенттігіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Саясаткер еуро аймақ елдерін  еуродан бас тартып, 1979-1998 жылдары Еуроодақтың валюта жүйесінде қолданыста болған  экюге (ECU — European Currency Unit, бірыңғай валюта) көшуге шақырды.

Францияда президент сайлауы  екі кезеңмен: 2017  жылғы 23 сәуірде және 7 мамырда өтеді.  Harris Interactive-тің қарашада жариялаған мәліметі бойынша,  бұрынғы премьер Франсуа Фийон мен Марин Ле Пен 26% және 24%-бен  екінші кезеңге шығып, мұнан соң  экс-премьер 67%-бен Ле Пеннен (33%) басып озбақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу