Марин Ле Пен Ливанның мүфтиімен кездесуге хиждаб киіп барудан бас тартты

1024

Марин Ле Пен Ливанның мүфтиімен кездесуге хиждаб киіп барудан бас тартты

Франция президенттігіне ультраоңшылдар атынан үміткер Марин Ле Пен мен Ливанның бас мүфтиінің кездесуі француз саясаткері хиджаб киюден бас тартқан соң өтпей қалды, деп хабарлайды сейсенбі күні "Фигаро" газеті.
Ливан мүфтиінің баспасөз қызметінің хабарламасында айтылғандай, кездесуге хиджаб киіп келуі тиістігі жайлы Марин Ле Пенге алдын ала құлағдар етілген.
Француз оңшылдарының басшысы Бейрутқа жексенбі күні табан тіреді.
Ол сол күні Ливанның президенті Мишель Аунмен кездесті. Бұл Марин Ле Пеннің шет мемлекеттің басшысымен болған алғашқы кездесуі.
Марин Ле Пен "Ұлттық майдан" ультраоңшыл партиясын басқарады және Франция президенттігі тағына басты үміткерлердің бірі.  Соңғы жүргізілген сауалнаманың қорытындысына сүйенсек, оның сайлаудың алғашқы турында жеңіске жетуге мүмкіндігі бар, бірақ екінші турда елдің бұрынғы экономика министрі Эмманюль Макронға жол береді. Францияда президент сайлауы 2017 жылдың сәуір-мамырында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу