Марин Ле Пен "Ұлттық фронт" көшбасшысы мансабына қайта оралды

774

Марин Ле Пен "Ұлттық фронт" көшбасшысы мансабына қайта оралды

Франция президенттігіне сайлауда жеңіліс тапқан Марин Ле Пен қайтадан ультраоңшыл "Ұлттық майдан" жетекшісі болды, деп хабарлады партия төрағасының міндетін уақытша атқарушы Стив Бриуа.

"Ол (М.Ле Пен - ИФ) "Ұлттық майдан" төрағалығына қайта оралды!", – деп жазды С.Бриуа өз "Твиттер" парақшасында.

Ол М.Ле Пенге өзіне білдірілген сенім мен партия төрағасының міндетін уақытша атқарушы мансабына тағайындалу үшін алғыс айтты.

Президент сайлауының бірінші турынан соң, М.Ле Пен партия жұмыстарынан уақытша шеттейтінін хабарлаған. Ол өзінің бұл шешімін Франция президентінің барлық француздарды саяси ұстанымдарына қарамастан біріктіруі керектігімен түсіндірген. Ең әуелгіде Жан-Франсуа Жальк партия төрағасы міндетін атқарушы болды.

Алайда, осы тағайындаудан соң-ақ, БАҚ беттерінде оның 2005 жылы холокост туралы айтқан ұшқары пікірлері шыға бастады. Мұның нәтижесінде, ол қызметінен кетіп, оның орынына С.Бриуа келген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу