Марин Томасов алаңға шықпайтын болды

1285

"Астана" командасының негізгі ойыншысы, хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов бүгінгі "Партизанға" қарсы өтетін ойынға қатыспайтын болды.

Марин Томасов алаңға шықпайтын болды

Бұл ақпаратты таратып отырған белгілі спорт журналисі Айдын Қожахмет. Ол өзінің телеграмм арнасында "Марин Томасов бүгін "Партизанға" қарсы матчта өнер көрсетпейді" деп жазыпты. Кейіннен бұл ақпарат расталып, еліміздің бірнеше футбол тақырыбында жазатын парақшалары "Марин Томасовтың бойында вирус бар, ол қатты суықтап қалған. Сондықтан да бүгінгі матчқа қатыспайды" деп жазыпты.

Айта кетуіміз керек Томасов Қазақстан премьер-лигасының 28-турында "Қайсарға" қарсы өткен матчта да алаңға шықпаған еді. Еурокубокте "Астананы" алға жетеліп, маңызды голдар салып жүрген футболшының алаңға шықпауы әлбетте, елордалық клубтың көрсетер нәтижесіне тікелей қатысы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу