Марин Томасов ел біріншілігіндегі ең қымбат екінші футболшы атанды

800

Марин Томасов ел біріншілігіндегі ең қымбат екінші футболшы атанды

Елордалық "Астана" футбол клубына бүгін ғана ауысқан хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов ел біріншілігіндегі ең қымбат екінші футболшы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хорватия біріншілігінің 2015/2016 маусымындағы ең үздік футболшысының transfermarkt.de порталы ұсынған мәліметі бойынша нарықтағы құны екі миллион еуроға бағаланып отыр. Осылай ол еліміздегі ең қымбат футболшылар тізімінде Рохар Каньяспен екінші орынды бөлісіп отыр. 
Еліміздегі ең қымбат футболшылардың көшін "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу бастап тұр. Ивуарлық шабуылшы футбол нарығында 2,5 миллион еуроға бағаланып отыр. 
Үшінші орында "Ордабасының" аргентиналық қорғаушысы Пабло Фонтанелло жайғасқан. Оның бағасы - 1,8 миллион еуро. 

Еске сала кетсек, елордалық "Астана" футбол клубы хорватиялық "Риека" командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен келісімшартқа қол қойған болатын. 
Томасов карьерасында "Риека" командасынан бөлек, өз отанында "Хайдук" және "Задр" командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі "Мюнхен-1860" командасында 3 маусым өткізген. Ал соңғы маусымды ол Сауд Арабиясында "Аль-Наср" командасында жалда ойнаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу