Марио Драги кетіп, Кристин Лагард келеді

700

8 жыл бойы Еуропалық орталық банкті басқарған МАрио Драги бүгін соңғы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Марио Драги кетіп, Кристин Лагард келеді

Еуропалық одақ экономикасын тұрақтандыру және банктерді тығырықтан шығарумен айналысқан оның орнына келесі айдан бастап Халықаралық валюталық қорды басқарған Кристин Лагард келеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Әзірге еуроның бағамы салыстырмалы түрде алғанда тұрақты. 30 қазаннан бастап аймақта көп деңгейлі депозиттік жүйе жұмыс істейді. Пайыздық мөлшерлеме көлемі соған байланысты болмақ. 1 қарашадан бастап жаңа облигацияларды сатып алу талаптары жеңілдейді.

Драгидың жұмысын респонденттердің жартысынан астамы жоғары бағалаған. Дегенмен, оны "Орталық банк диктаторы" деп жақтырмағандар да жетеді. Мәселен, 4 жыл бұрын кезекті кездесулердің бірінде оған қарсы белсенділердің бірі айғайға басып, үстелінің үстіне шығып кеткен еді.

 "Ақша-несие саясатында дәл біз сияқты валюта бағамына назар аударып жатқандар аз. Бұл - біз атқарған жұмыстың негізгі бөлігі ",– дейді Марио Драги.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу