Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 2017 жылы АҚШ-ты аралап, айтқан уәдесін орындамақшы. Яғни, штаттардың барлығына дерлік барып, адамдармен танысатын болады, деп жазады Интерфакс-Казахстан.
32 жастағы Цукербергтің былтырғы жаңа жылда берген уәделерінің арасында 365 миль жүгіру, қытай тілін үйрену және жыл ішінде 25 кітап оқу болған, деп еске салады ВВС. Марк Цукербергтің айтуынша, ол барлық уәдесін орындаған.
Өзі айтқан міндеттерін орындау үшін Facebook қожайыны тағы 30 штатқа атбасын бұруға тиіс. Facebook-та өзі жазғандай, АҚШ пен оның тұрғындарын жақын тану туралы ой 2016 жылы болған оқиғадан соң пайда болыпты.
"Қиындыққа толы жылдан соң осы уәдемді орындай отырып, адамдардың қалай өмір сүріп, кіммен және қалай жұмыс істеп жатқаны, болашақ туралы не ойлайтыны туралы білсем деймін", – деп атап өтті ол.
Миллиардердің пікірінше, қазір адамзат "тарихтағы өтпелі сәтті" бастан өткеріп жатыр.