Марк Цукерберг Meta компаниясының акцияларын қайтадан сатты

Осы жолы акциялар 428 миллион долларға дейін сатылды. 

Марк Цукерберг Meta компаниясының акцияларын қайтадан сатты Фото: bloomberg.com

Бұл туралы Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияға (SEC) берілген құжаттарда айтылған. Ол қараша-желтоқсан айларында болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Цукербергпен байланысы бар әртүрлі ұйымдар компанияның шамамен 1,8 миллион акциясын сатты.

Сонымен қатар, Meta Platforms Inc компаниясының нарықтық құны өткен жылмен салыстырғанда, үш есеге жуық өсті (194%) және баға ұсыныстары 2021 жылы тіркелген тарихи максимумға жақындады. Салыстырмалы түрде S&P 500 индексі 2023 жылы 24,2% - ға, ал Nasdaq Composite 43,4% - ға өсті.

Айта кету керек, Цукерберг әлі күнге дейін Meta-ның шамамен 13%-ын иеленеді. Оның байлығы 125 миллиард долларға дейін бағаланады.

Бұған дейін, кәсіпкер және оның жұбайы Присцилла Чан қаражатының 99%-ын қайырымдылыққа беруге уәде берген. Олар құрған қайырымдылық қорлары теңдікті ілгерілету, аурулармен күресу, биомедицина, қолжетімді баспана және басқа да бастамалармен айналысады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Марк Цукерберг Meta акцияларын сатқаннан кейін шамамен 185 миллион доллар алғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу