Нысан Қалжыр өзенінде орналасады. Оның қуаты 16 МВт болмақ.
– Су тасқыны қаупі жоғары кезеңде су электр станциясының энергиясы мұқым Марқакөл ауданын қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ барлық энергия Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесіне түседі, – дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.
Жоба аукционнан өтіп, оның жеңімпазы "KALZHYR RIVER ENERGY" ЖШС болды.
– Осы кәсіпорын СЭС салу және пайдалану құқығын алды. Бұл жоба Шығыс Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ. Енді компания 5 жылдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтауға міндетті. 2030 жылдың соңына дейін су электр стансасы іске қосылады деп жоспарлап отырмыз, – дейді Н.Рамазанов.