"Марқакөл орман шаруашылығы" КММ аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын аумақта жүргізілуде. Жұмыстарға орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелерінің күштері жұмылдырылған.
"Өртті сөндіруге барлығы 83 адам, 10 бірлік өрт сөндіру техникасы және 2 тікұшақ тартылды. Оның ішінде орман күзетінен – 76 адам мен 8 бірлік техника, ТЖМ-нен – 7 адам мен 2 бірлік техника. Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау шеңберінде тартылған тікұшақ жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай жұмылдырылған қызметтердің бақылауында.