Марқакөлге жауған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге жетті

413

Бұл Марқакөл қорығына жауған алғашқы қар. 

Марқакөлге жауған қардың қалыңдығы 20-30 сантиметрге жетті Фото: бейнеден скриншот

Шығыс Қазақстандағы Марқакөл қорығына қалыңдығы 20-30 сантиметрге дейін жететін қар жауды. Осыған дейін өңірдің кейбір таулы аймақтарына жауған болатын.

Бұл Марқакөл қорығына жауған алғашқы қар. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Өткен тамыз айының ортасында Катонқарағай ауданындағы Алтай тауының ең биік нүктесі Мұзтау шыңына қар түскен болатын.

Соңғы 10 жыл көлемінде қардың осыншама ерте жаууы алғаш рет. Бірақ қар тез еріп кетті, - дейді Көккөл сарқырамасының маңында орналасқан туристік лагерь жетекшісі, альпинист Вячеслав Орлов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу