Маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба іске қосылды

366

Пилоттық жобаға электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын және оңайлатылған декларация немесе бөлшек салық негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады. 

Маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба іске қосылды Фото: iXBT.com

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылдан бастап танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды.

Пилоттық жобаға ерікті қатысудың артықшылықтары

  • кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;
  • салықтық тексерулердің азаюы; 
  • ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме; 
  • қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем. 

Пилоттық жобаға қатысушылар:

  1. оператор – пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген, сатушыларға электрондық сауда алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру құқығын беру туралы шарт жасасатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға (маркетплейс);
  2. сатушы – электрондық сауда алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын, оңайлатылған декларация негізінде немесе бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын серіктес банкте есеп айырысу шоты бар және операторға пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берген жеке кәсіпкер; 
  3. серіктес-банк (екінші деңгейдегі банк). 

Оператор ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне электронды сауда алаңында сатушылармен өткізілген тауарлардың сомасы мен қайтарылған тауарлардың сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті серіктес-банкке бюджетке төленуге тиісті салық сомаларын жолдайды, банк әрі қарай пуш-хабарламаны жеке кәсіпкерге жолдайды. 

Қазіргі уақытта Kaspi, Ozon және Wildberries интернет-магазиндері өз ақпараттық жүйелерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияны жүргізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу