2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитеті танымал маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған пилоттық жобаны бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласы бойынша МКД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пилоттық жобаға электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын жеке кәсіпкер ерікті түрде қатыса алады.
Жоба 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаға қатысу шарттары:
- электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын жеке кәсіпкер болу;
- оңайлатылған декларация немесе арнайы бөлшек салық режимін қолдану.
Пилоттық жобаға ерікті қатысудың артықшылықтары:
- кірісті есепке алуға және салықтық есепті толтыруға уақытты үнемдеу;
- салықтық тексерулердің азаюы;
- ай сайынғы төлем кезінде жеке кәсіпкер үшін біркелкі жүктеме;
- қызмет көрсететін банктің қосымшасындағы төлем жасау.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу