Бүгін Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жалғасын тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тараптар сот процесінде қорытынды сөзін айтқан.
– ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Айбар Жанболатты орташа қауіпсіздіктегі түзеу колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ, сотталушының сотқа дейінгі қамауда ұстау шарасын күшінде қалдыруды сұраймын. Қылмыстық кодекстің 98-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушы жәбірленушілерге ең төменгі айлық жалақының 30 есесі (117 060 теңге) көлемінде өтемақы төлеуге және сот-медициналық сараптама шығындарын мемлекетке 690 329 теңге көлемінде өтеуге міндеттелді, – деді прокурор Нұржан Билибеков.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 2025 жылдың 22 маусымында Ақсу ауданының Баласаз ауылында тіркелді. Айзат Жұманованың тұрмыстық жанжал кезінде күйеуінің ұрып-соғуынан қайтыс болғаны анықталды.