Браконьерлермен айқаста қаза тапқан табиғат сақшысы Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ауылшаруашылығы министрлігінің барлық қызметкері бір күндік жалақысын берді. Сондай-ақ, марқұм мен оқиға күні оның қасында болған серіктесі Петр Ницык "Ерлігі үшін" мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Бұл туралы бүгін Ерлан Нұрғалиевті ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу