Марқұм Ибрагимовтың әйелі Еуразиялық қаржы компаниясының акционерлері қатарына кірді

774

Алиджан Ибрагимовтың жесір әйелі "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ акционерлер қатарына кірді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Еуразия банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұм Ибрагимовтың әйелі Еуразиялық қаржы компаниясының акционерлері қатарына кірді

"2021 жылдың 15 шілдесінен бастап "Еуразиялық қаржы компаниясы" компаниясының акционерлері: Мукадасхан Ибрагимова (Алиджан Ибрагимовтың әйелі – ИФ-К), Патох Шодиев, Александр Машкевич. Олардың әрқайсысының 33,3% акциясы бар", - делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.

Айта кетсек, Eurasian Resources Group (IRG) және "Еуразиялық қаржы компаниясы" тең иелерінің бірі қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов 2021 жылғы 3 ақпанда қайтыс болған еді. Ибрагимов ERG-дің 20,7% үлесіне ие болған. Ал Александр Машкевич пен Патох Шодиевпен бірлескен үлес 60% құраған еді. Сондай-ақ оған "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ-ның үлесі тиесілі болды.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу