Марқұм Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

1879

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде көз жұмған Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды:

Марқұм Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

М.Қ. Аймановқа "Халық қаһарманы" атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 тамыз

                          № 646

Мейіржан Айманов 45 жасында көз жұмды. Артында жары мен бес баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу