Марқұм Салтанаттың ағасының арызымен Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы бір іс қозғалды

8676

Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. 

Марқұм Салтанаттың ағасының арызымен Қуандық Бишімбаевтың үстінен тағы бір іс қозғалды Фото: Жоғарғы сот

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің арызымен Қуандық Бишімбаевтың үстінен материалдық шығынды өндіру және моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Салтанат пен Айтбектің ата-аналары Амангелді мен Жұмагүл Нүкеновтер дау нысанасы бойынша өз бетінше талап қоймаған үшінші тұлға ретінде тартылған.

Басты сот отырысында марқұмның отбасы ақшалай өтемақы талап етпеген болатын. "Замандас" подкастында адвокат Жанна Оразбахова Нүкенованың туыстары ешқандай ақша туралы естігісі келмейтінін, өйткені бұл ақша олардың қызы мен қарындасын қайтармайтынын айтқан.

Адвокаттың айтуынша, ол шығын толық өтелмейінше сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайды. Сол себепті ірі көлемдегі моральдық және материалдық шығынды өндіру туралы талап қою маңызды екенін түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу