Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті

1062

Қуанышты хабарды осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев көпшілікке жеткізді.

Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті Фото: instagram/meir.qz

Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасына Қаржаубайды жаңа баспанасымен құттықтап барған бейнесін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әуелі Алланың, одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубайдың отбасына қуаныш сыйлай алдық деп ойлаймын", – деп жазды адвокат.

Айта кетейік, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Алматы маңындағы Талғар қаласында төбелес кезінде қаза тапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйін әлдекімдер өртеп кетті. Бір жыл өтсе де үйге от қойғандардың кім екені анықталған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу