Марқұм Шерзаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған

707

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Марқұм Шерзаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған Фото: Бейнежазбадан

Талғарда марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмаған. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Оның айтуынша, Шерзаттың үйін қасақана өртеу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Тілшілер баспананы өртеген күдіктілер әлі табылмаған ба деп нақтылады.

"Әзірге жоқ. Менде бұған қатысты мәлімет жоқ", - деді Әсет Шыңдалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу