Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, биылғы 7 айда астық баламасында 8,9 миллион тонна астық пен ұн жөнелтілген. Маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық баламасында 13 миллион тонна экспорт болжанып отыр.
– Орталық Азия, Иран, Әзербайжанға Ресей, Балтық жағалауы және Қара теңіз арқылы өтетін астық экспортының көлемі артты. Сондай-ақ Марокко, Алжир және Вьетнамға отандық өнім жеткізіле басталды, – деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ, вице-премьер өсімдік майларының экспорты 7 айда 384,6 мың тоннаға жеткенін айтып өтті.