Марокко мен Сирия арасы түзеле ме?

449

Сирия Сахара Араб Республикасын мойындайды, Мароккомен қақтығыста Алжирді қолдайды.  

Марокко мен Сирия арасы түзеле ме? Фото: img5.eadaily.com

Енді Марокко Сирияға дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге және оның Араб Лигасына оралуын қолдауға жағдай жасау үшін өзінің талабын қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Арабтар дауысына" сілтеме жасап.

Сонымен, қойылған талап бойынша Сирия Батыс Сахараны Марокко аумағы ретінде тануы керек. Алайда "Арабтар дауысы" хабарламасында Дамаск мұндай қадамға ешқашан бармайтыны жазылған.

"Дамаскіде мұндай қадамға баруы екіталай, тіпті, мүмкін емес деуге болады, сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынас қалпына келтірілмейді. Өйткені Сириямен о бастан қарым-қатынасты үзбей және оған барлық қолдау көрсеткен Алжирмен достық қарым-қатынас өте берік.

Екі араб мемлекетінің идеологиялық әрі саяси жақындығын ескерсек, сириялықтар Мароккомен достасу үшін алжирліктерге қарсы шықпайды. Негізі Дамаск Батыс Сахараның кесірінен әрдайым шиеленіске түсетін Рабатпен қарым-қатынассыз қалса да ештеңе жоғалтпайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу