Марокконың орталық бөлігіндегі таулы аймақта орналасқан Демнат қаласында автофургон аударылып, 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жол апаты Азилал провинциясындағы тас жолда болған. Провинцияның батысындағы Демнат қаласына бет алған автобус бұрылыстардың бірінде аударылып қалды.
Азық-түлік тасымалдайтын жүк машинасы Демнатта апта сайын өтетін ауыл жәрмеңкесіне бара жатқан. Корольдік жандермериясы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу