Мароккода Сеута шекарасы маңында 100-ден астам мигрант ұсталды

440

Полиция шекарадан шамамен үш шақырым жерде мигранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Мароккода Сеута шекарасы маңында 100-ден астам мигрант ұсталды Фото: bbc.com

Марокко билігі Испанияның Сеута эксклавына заңсыз өтпек болған кемінде 111 мигрантты ұстады. Олардың екеуі Марокко азаматы, қалғандары Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен келген, деп жазады inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Соңғы күндері Мароккода әлеуметтік желі арқылы заңсыз көші-қонға шақырды деген күдікпен 60-тан астам адам ұсталған.

Испания билігі Сеутаға қосымша 500 полицей жіберді. Елдің Ішкі істер министрі заңды түрде болуға рұқсаты жоқ мигранттардың Мароккоға қайтарылатынын мәлімдеді. Қазір Сеутада шілдеде заңсыз кірген шамамен 5 мың адам бар.

Шілде айының соңында 70 мыңнан астам мигрант Мароккодан теңіз арқылы Сеутаға өтуге тырысқан. Испания билігінің мәліметінше, олардың 48 мыңы Мароккоға қайтарылған, ал шекарадан өтуге әрекет кезінде 141 адам қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу