Мароккода үлкен жер сілкінісі салдарынан мыңнан астам адамның өліміне байланысты үш күндік аза тұту жарияланды. Бұл туралы Патша сарайы хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Үш күн ішінде Африка еліндегі жалаулар діңгек биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.
9 қыркүйекке қараған түні Марокконың Марракеш қаласында болған 7 балдық жер сілкінісі өткен ғасырдағы ел тарихындағы ең үлкен жер сілкінісі болды.
Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1305-ке, жараланғандар саны 1832-ге дейін жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу