Мароккода зілзала зардабымен күрес жүріп жатыр

407

Өткен демалыс Марокко елі үшін қаралы күн болды.

Мароккода зілзала зардабымен күрес жүріп жатыр Фото: Ашық дереккөзден

Марракеш қаласы маңында қуаты 7,8 балл болатын зілзала тіркелді. Жер сілкінісі қас-қағым сәтте мыңдаған адамның өмірін жалмап, елдің көз жасы көл болды. Арадағы 3 күн өтсе де, әлі көмек жетпеген жерлер бар.

Қапелімде қасіреттің кесірінен 2122 адам опат болды. 2421-і жарақат алды. Зілзала құрбандарының саны мұнымен шектеледі деуге әлі ерте. Себебі құтқару топтары үйінді астындағы азаматтардың бәрін шығарып үлгермей жатыр. Осыған байланысты Испания, Қатар, Ұлыбритания секілді елдер Мароккоға өз көмегін ұсынып, зілзала зардабын жоюға көмектесіп жатыр.

Қарапайым тұрғындар да қол қусырып, қарап отырған жоқ. Белсенділер киім-кешек пен зат түрінде гуманитарлық көмек жинауға кіріскен. Бұдан бөлек, мыңдаған адам зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсыру орталығына ағылып жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы ұсынған мәліметке сәйкес жер сілкінісінен Марракеш пен оның төңірегінде 300 мың адам зардап шеккен. Көбіне әлі күнге дейін көмек жетпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу