Al Jazeera Мароккодағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 2122-ге дейін өскенін елдің мемлекеттік теледидарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Мароккода қаза тапқандар саны 2122 адамға дейін өсті", — делінген басылымда.
Бұған дейін 2012 қаза тапқандар мен 2059 жәбірленуші туралы хабарланған.
Марокко ІІМ үйінділер әлі күнге дейін тазартылып жатқанын, адамдарды іздеу жұмыстары тоқтамағанын хабарлады.
9 қыркүйекке қараған түні Мароккода 6,9 баллдық үлкен жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулері елдің астанасы — рабаттан оңтүстіктегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко королі Мұхаммед VI-ға көңіл айту жеделхатын жолдағаны хабарланған болатын.