Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті

455

Зардап шеккендер 5,5 мың адамнан асты.

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңға жетті Фото: Reuters

Мароккодағы жер сілкінісінен 2 901 адам қаза тауып, 5 530 адам жарақат алды – бұл жергілікті биліктің құрбандар мен жараланғандар саны туралы соңғы мәліметтері, деп хабарлайды inbusiness.kz RFI басылымына сілтеме жасап.

Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы федерациясы (IFRC) апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шамамен 100 миллион еуро жинау туралы шұғыл үндеу жариялады.

"Біз адамдардың ең өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыруымыз керек, соның ішінде денсаулық, су, санитария және гигиена және баспана", деді  Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамы федерациясының жаһандық операциялары директоры Кэролайн Холт.

Сәрсенбіден бастап Жоғарғы және Орта Атлас таулары аудандарында жаңбыр жауатыны күтіледі. Билік пен халық бұдан жағдай одан әрі қиындап, тірі қалғандарды табу мүмкіндігі азаяды деп үрейленіп отыр.

Марокконың Ұлттық геофизика институтының хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Марракештегі Аль-Хауз өңірінде орналасты. Тереңдігі – 8 шақырым. Тербелістер эпицентрден 400 км радиуста сезілді.

Қуатты дүмпуден кейін жүздеген афтершок тіркелді, магнитудасы ең үлкені – 6,0.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу