Францияның Марсель қаласында үйінділердің астынан екі адамның денесі табылды

430

Францияның оңтүстігіндегі қалада төрт қабатты ғимарат құлады, билік апаттың себеп-салдарын анықтап жатыр. 

Францияның Марсель қаласында үйінділердің астынан екі адамның денесі табылды Фото: РИА Новости

Оқиға орнында от тұтанып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.

Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының орталығында опырылып құлаған төрт қабатты тұрғын үй үйінділерінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz France24.com-ға сілтеме жасап.

Қайтыс болған екі адамның денесін құтқарушылар Францияның Марсель қаласындағы құлаған үйдің орнында жүргізілген іздеу-құтқару жұмыстары кезінде тапты.

"Үйінділерді тазарту кезіндегі қиындықтарды ескере отырып, денелерді шығару біраз уақытты қажет етеді", - деп түсіндіреді BFM.

Марсель прокурорының айтуынша, үй құлағаннан кейін жоғалып кеткендердің саны сегіз адамға жеткен. ТЖ салдарынан алты адам зардап шекті. Марсель мэрі Бенуа Паян айтуынша, үй апаттық тұрғын үй тізімінде жоқ, оның жағдайына тұрғындардан шағым түспеген.

Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ, бірақ тергеушілер оның газдың шығуынан болды деген нұсқаны қарастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу