Бұл фактіні жүргізушінің мұндай мінез-құлқына ашуланған жолаушылардың бірі түсіріп алған. Тәртіп сақшылары бейнероликтің басты "кейіпкерін" анықтады.
Белгілі болғандай, бұған дейін ол осындай бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
– Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 591-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Ер адаммен профилактикалық әңгіме өткізілді, онда ол өз қателіктерін қайталамауға және жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауға уәде берді, – деп атап өтті Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ринат Шарипов.