Марстағы магниттік қабықшаны зерттеуге арнайы зондтар ұшырылды

93

Зондтарды америкалық ғалымдар әзірлеген.  

Марстағы магниттік қабықшаны зерттеуге арнайы зондтар ұшырылды Фото: www.blueorigin.com

Америкалық миллиардер Джефф Безос негізін қалаған Blue Origin компаниясының New Glenn зымыран тасығышы Марстың магниттік қабықшасын зерттеу үшін ESCAPADE зондтарын ғарышқа ұшырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ракета Флорида штатының Канаверал мүйісінен жергілікті уақыт бойынша 15:55-те ұшты. Компания 34 минуттан кейін спутниктердің Марсқа бет алған ғарыш кемесінен бөлінгенін растады. Зондтар планетаның орбитасына 2027 жылдың қыркүйегінде жетеді" – деп жазды "Интерфакс" агенттігі. 

Бастапқыда ұшыру 9 қарашаға жоспарланған еді. Алайда ауа райының қолайсыздығы мен күн белсенділігінің жоғарылауына байланысты екі рет кейінге шегерілді.

New Glenn Илон Масктың SpaceX зымыран тасығышымен бәсекелесе алады. Оның алғашқы сынағы биыл қаңтар айында өтті. Зымыран тасығыштың бұл жолғы ұшырылуы, оның екінші мүмкіндігі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу