Мартиросянмен жекпе-жек Головкин үшін аз табыс әкелді

548

Мартиросянмен жекпе-жек Головкин үшін аз табыс әкелді

6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросян кездесуінің андеркартында жұдырықтасқан боксшылардың гонорары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Осыған дейін жекпе-жек үшін Головкиннің 1 миллион доллар табыс тапқаны және Мартиросянның 225 000 доллар гонорар алғаны айтылды.
GGG үшін бұл соңғы үш жылда алған ең төменгі гонорар. 
Жартылай орта салмақта өнер көрсеткен норвегиялық Сесилия Брекхус (33-0, 9 КО) 50 мың доллар, ал оның қарсыласы Кали Рейс (13-7-1, 4 КО) - 20 000 доллар алды. Райан Мартин (22-0, 12 КО) - 25 мың доллар, қарсыласы Брейдис Прескотт (31-13, 22 КО) - 10 мың доллар алды. 
Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы бокс кешінде өнер көрсеткен басқа да спортшылардың гонорарын жариялады. Қазақстандық Руслан Мадиев (12-0, 5 КО) пен оның қарсыласы мексикалық Хесус Перес (21-1, 16 КО) - екі мың АҚШ долларын алды. 
Брайан Себальо (2-0, 1 КО) мен Нэм Фан (3-6, 2 КО) - алты мың және үш мың АҚШ долларын алды. Джесси Родригес (6-0, 4 КО) - үш мың доллар, ал Армандо Васкес (25-22-1, 6 КО) 1200 доллар алды. 
Айта кетейік, Головкин Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсіріп, Бернард Хопкинстың чемпиондық титулды қорғау саны бойынша рекордын қайталады. 
Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев қарсыласын төрешілер шешімі бойынша жеңді. Қарағандылық боксшы Головкинмен бірге бір залда дайындалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу