Мәртөк ауданында 2 мектеп жабылады

1139

Мәртөк ауданында 2 мектеп жабылады

Ақтөбе облысында оқушысы аз мектептер жабылып, ауыл балалары мектеп-интернаттарға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысындағы Мәртөк, Қарғалы аудандарында мектепке баратын бала табылмай жатыр. Облыстық білім басқармасы оқушысынан мұғалімі көп мектептерді жауып, балаларды мектеп-интернаттарға орналастыруды жоспарлап отыр.

"Ақтөбе облысында мектептерді оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр.  Мәселен, Мәртөк ауданында 2 мектепті жабу жоспарлануда. Біреуі міндетті түрде жабылады. Себебі, мектепке тек үш бала барады. Негізі мектептерді жаппас бұрын аудан орталықтарының бәріне мектеп-интернат салынады. Егер мектепке баратын бала болмаса, онда білім ордасын ұстап тұру тиімсіз",- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева. Айта кетейік, Қарғалы ауданында бір мектеп жабылып, орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылды. "Мақсатымыз мектеп жабу емес, экономикалық тұрғындан тиімді шешім қабылдау. Балалардың бәріне заманауи білім беруіміз керек. Сондықтан мектеп-интернат салынады немесе оқушылар тасымалданады",- деді Ләззат Оразбаева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу