Мас адам бөтен көліктің терезесін сындырып кетті

465

Оқиға елордада орын алды. 

Мас адам бөтен көліктің терезесін сындырып кетті Фото: pixabay.com

Таңғы сағат 6 шамасында Нұрмағамбетов көшесіндегі №31 үйде 34 жастағы ер адам бөтен пәтердің есігін ұрып, тепкілеп, есік тұтқасын сындырып кеткен. Бұзақы табылып, бес тәулікке қамауға алынды.

Тағы бір жағдайда жергілікті тұрғын Сәтбаев көшесіндегі дүкеннің алдыңғы есігінің терезесін сындырған. Ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары түннің бір уағында мас күйінде Ақан сері көшесінде тұрған көліктің алдыңғы және бүйір жағындағы терезесін сындырған бұзақыны да тауып, жазалады. Келтірілген залал үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу