Мас болып, көлік айдаған депутаттың ісі сотта қаралады

295

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты қаладағы С.Бәйішев көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған.

Мас болып, көлік айдаған депутаттың ісі сотта қаралады

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жауапқа тартылады. Қазіргі кезде Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 2-бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова қаладағы С.Бәйішев көшесінде жол қозғалысы ережелерін бұзған. Ол "Lexus" автокөлігін мас күйінде жүргізген.

Полиция 53 жастағы әйелдің көлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрғаны байқалды. Жүргізілген сараптама нәтижесі оның алкогольді мас күйде болғанын көрсетті. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және 608-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын мас күйде жүргізу) бойынша хаттама толтырылып, материал жиналды және заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілетін болады,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сот кабинетінен Мұратова Сания Бұлқайырқызына қатысты іс судья Д.Хамиевке түскенін, негізгі сот отырысы басталғанын көруге болады. Айта кетейік, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыру көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу