Мас күйде көлік басқарған ақмолалық қамауға алынды

555

Ақмолалық азамат көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Мас күйде көлік басқарған ақмолалық қамауға алынды

Ауыл жолдарының бірінде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын басқарған Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Құжаттарды тексеру кезінде ер адам мас күйінде көлік жүргізгені анықталды, сонымен қатар көлік құралы техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді.

Ер адам көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылады, бұдан бөлек алдағы 15 тәулікті уақытша ұстау изоляторының камерасында өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу