Мас күйде көлік тізгіндеген депутат қамауға алынды

136

Депутат полицейлерге қарсылық көрсеткен.

Мас күйде көлік тізгіндеген депутат қамауға алынды Фото: Pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында мас күйде көлік тізгіндеп, полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен депутат 17 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты. 

Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты 23 желтоқсанда алкогольді ішімдік ішіп "NissanTeana" маркалы автокөлік тізгініне отырған. Оны полицейлер Қарасу ауылы Жексенбі көшесінде тоқтатқан. 

Депутат Ақжар ауылында орналасқан ауруханаға медициналық куәландырудан өтуге барғысы келмей, тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсеткен.

Медициналық куәландыру жүргізушінің "орта" дәрежелі мас күйде болғанын көрсетті. Сот барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. 

 – Сот шешімімен айыпталушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 1-бөлігі (Мас күйде көлік жүргізу) және 667-бабы 1-бөлігі (полицейдің заңды талабына бағынбау) бойынша кінәлі деп танылып, 17 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – делінген аудандық сот үкімінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу