Белгісіз біреулер Қызылордада көпқабатты үйінің ауласында тұрған ВАЗ-2114 автокөлігін айдап кеткендігі жөнінде хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тексеру барысында ол ұрланған автокөлік екені анықталып, қала тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (айдап әкету)) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольден масаң күйде көлік құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы шарасы қолданылды.