Ұшақта шу шығарған атыраулық әйел рейстен түсірілді

252

Бұл туралы көліктегі полицей департаменті хабарлады.

Ұшақта шу шығарған атыраулық әйел рейстен түсірілді Фото: polisia.kz

Қоғамдық тәртіпті бұзған атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана–Атырау бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісімен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын түсірді. Тексеру кезінде жолаушы мас күйде болып, ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды.

Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 331 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты.

Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында − алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу