"Мас күйде шығып жеңді": Ислам Байрамуков Азия ойындарындағы оқиғаны айтып берді

210

Ертеде табысты өнер көрсеткен көптеген спортшылар неге елеусіз қалды?

"Мас күйде шығып жеңді": Ислам Байрамуков Азия ойындарындағы оқиғаны айтып берді Фото: kapital.kz

Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков Олимпиадада 7-8 медаль алсақ соған тоқмейілсіп кететінімізді сын тезіне алды. Бұл туралы ол "Садақ медиаға" берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ислам Байрамуков Азия ойындарында өнер көрсеткен Қазақстан спортшылары туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.

"1994 жылы су добының отандық шеберлері қарсыластарын қалай ұтқанын білесіз бе? Олар мас күйінде шығып, қарсыластарынан басым түскен еді. Бір ғамаратта орналасқан едік қой. Күнде көреміз. Жарыста жүрген соң "мыналарың қалай?" деп сұраймын. Біздің спортшылар қытай, жапон қарсыласарын мас күйде жүріп ұтып алған болатын. Ойлаңызшы, Азия ойындарында мас күйінде шыққан Қазақстан құрамасының ойыншылары! Қазір солар қайда? Қазіргі ойыншылар суға батып кете ме деп қорқасың ғой. Бұны әзіл ретінде айтып отырмын. Бірақ сондай жетістіктер болған. Оны қолда ұстап тұра алмадық", – деді Ислам Байрамуков.

Сонымен қатар, Ислам Байрамуков ертеде табысты өнер көрсеткен көптеген спортшылар қазір елеусіз қалғанын айтады.

"АҚШ пен Қытайды қараңыз. Олимпиадада алтын үйіп алды. Оларда барлық технология дамып жатыр. Айналып келгенде бұның барлығы спортпен тікелей байланысты. Экономиканың жетістігі адамның ахуалына дейін әсер етеді", – деді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу