Шу аудандық соты қоғамдық орындарда мас күйінде болған деп айыпталған азамат Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған азамат 2026 жылдың қаңтар айында Алматы – Қостанай бағыты бойынша жүретін жолаушылар пойызында масаң күйде болып, басқа жолаушыларға құрметсіздік танытып, жолсеріктің ескертулерін елемеген.
"Шу" станциясының желілік полиция қызметкерлері К.-ны пойыздан шығарып, хаттама толтырды. Медициналық куәландыру орташа дәрежелі алкогольдік масаңдықты растады. Сот сонымен қатар құқық бұзушының 2025 жылдың мамырында жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылғанын анықтады.
К.-нің кінәсі хаттамамен және медициналық қорытындымен расталды.
ӘҚБтК 440-бабы 3-бөлігінің санкциясы 10 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуды немесе 20 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот қаулысымен К. ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.