Мас күйде жолаушы тасымалдаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

1562

Ақмолада бір аптада жол ережелерін бұзудың 567 дерегі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Мас күйде жолаушы тасымалдаған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

Автомобиль көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ техникалық ақауды немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатында Ақмола облысында 21 ақпаннан бастап "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізген жеті күн ішінде ақмолалық полицейлер жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің 567 рет жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады. Төрт жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін, 97 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін, 77 азамат жолаушылар тасымалын міндетті техникалық байқаудан өтпей жүзеге асырғаны үшін, сақтандыру полисінсіз болғаны үшін 19 жүргізуші жуапкершілікке тартылды. Маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 86 қоғамдық көлік жүргізушісі, 14 көлік жүргізушісі заңсыз қайта жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық көліктің бес жүргізушісі рейс алдындағы медициналық және техникалық байқаудан өтпей жолға шыққан.

Ақмола полицейлері облыс тұрғындарын жол жүру ережелерін мүлтіксіз орындауға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, "Автобус" жедел-алдын алу іс-шарасы 2 наурызға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу