Мас күйінде автобус тізгіндеген 15 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады

654

Екі автопарктің лицензиялары тоқтатылды, 292 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. 

Мас күйінде автобус тізгіндеген 15 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында "Автобус" жедел алдын алу шарасы туралы сөз қозғады. Оның сөзінше, рейд барысында 10 мыңнан аса жол ережесін бұзу фактісі анықталған.

"Үш күнге жалғасқан рейд барысында автобус жүргізушілерінің 10 мыңға жуық жол ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде мас күйінде автобус тізгіндеген 15 жүргізуші бар. Олардың барлығы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Жолаушыларды тасымалдау кезінде 1700-ден аса автобус жүргізушісі телефон пайдаланған. Сондай-ақ 300-ге жуығы жылдамдықты асырған. Бұған қоса еңбек және демалыс режимін бұзудың 43 фактісі, техникалық тексеруден өтпеген, заңсыз қайта жабдықталған 1 мыңнан аса автобус анықталды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Рейд нәтижесі бойынша автобус парктерінің басшылары, жалпы саны  126 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 

"Екі автопарктің лицензиялары тоқтатылды. 292 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды",– деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу