Астанада ішімдікке мас болған полиция қызметкері жеке көлігімен жүргіншіні қағып кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев хабарлады.
"Астанада 7 қазан күні ішімдікке мас болған полиция қызметкері жеке көлігімен жүргіншіні қағып кеткен. Ол оқиға болған жерден бой тасалаған. Ауыр жарақаттанған жүргінші жедел ауруханаға жеткізілген", - делінген хабарламада.
Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті сол күні қолға түсті. Сот санкциясы бойынша ол 2 айға қамауға алынды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, оған ішкі қызметтік тексеру жүргізу тағайындалды, оның нәтижесі бойынша полиция қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тіпті жұмыстан босауы да мүмкін.